Фото: Ақорда
Қазақстан Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.
— Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін ол ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды. Бұл қызметке 2023 жылы 12 қыркүйекте тағайындалған болатын.