16 сәу, 2024 сағат 09:30

Бетперде киген адам Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлді


Фото: бейнеден скриншот


Қазақстан бойынша бетперде киген адам ретінде танылып, жүзін жасырған адам биылғы көктемде үлкен судан зардап шеккендерге миллион доллар бөлетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


"Біз ірі көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта 108 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бес мыңнан астам үй су астында қалды. Сегіз мыңнан астам мал қырылды", - дейді қайырымдылық қорының негізін қалаушы жас жігіт.


Ол қайырымдылыққа ат салысқан барша халыққа алғыс айтып, зардап шеккен отбасыларға барлығы бір миллион доллар (450 миллион теңге) бөлінгенін айтты.


"Біз көмекке келген еріктілерге, құтқарушыларға, алаңдаушылық білдірген азаматтарға және басқа елдердің азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз бірге бұл апатты еңсеріп, бұдан да мықты боламыз", – деді белгісіз бетперде киген адам.


Сонымен қатар ол бұл қаражатты бөлу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын да атап өтті. "Су тасқыны" деген бөлімде нәтижелер жарияланып отырады деді.