09 сәу, 2026 сағат 12:59

Бір қызғалдақ – 13 миллион теңге: табиғатты бүлдіргендерге қатаң жаза

Фото: kazface.kz


Қазақстанда сирек кездесетін қызғалдақтарды жұлу ауыр жазаға әкелуі мүмкін. Мамандар тіпті бір ғана гүл үшін миллиондаған айыппұл салынатынын ескертеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді тек жұлуға ғана емес, оларды сақтауға, тасымалдауға және сатуға да заң жүзінде тыйым салынған.


Заңбұзушыларға мынадай жаза қарастырылған:


3000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 13 миллион теңге);
түзету жұмыстары;
бас бостандығын шектеу;
үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.


Қазір далада Қызыл кітапқа енген сирек түрлер — Кауфман және Грейг қызғалдақтары гүлдеп тұр. Сарапшылардың айтуынша, олардың гүлдену кезеңі небәрі 2,5 аптаға созылады және бұл табиғи тозаңдану үшін аса маңызды уақыт.


Мамандар бір ғана қызғалдақты жұлу да заң бұзушылық екенін қатаң ескертеді.


Өңірлерде демалушыларға түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, арнайы тексерулер жүргізілуде. Инспекторлар тұрғындарды табиғатты қорғап, сирек өсімдіктерге зиян келтірмеуге шақырады.