Фото: Azattyq Rýhy
Астанада психиатриялық орталықта медицина қызметкеріне күш көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.
Оқиға орнында 47 жастағы ер адам ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы — билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Белгілі болғандай, ер адам психиатриялық орталықтың қабылдау бөліміне туысын көру үшін келген. Кезекші фельдшер одан жеке деректерін тіркеуді және қабылдау тәртібін сақтауды сұраған. Алайда келуші талапты орындаудан бас тартып, медицина қызметкеріне қол көтерген.
Шабуыл сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғадан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай полиция тарапынан ұсталды.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
