02 қаң, 2026 сағат 13:12

Биылғы зейнетақы, жалақы мен АЕК мөлшері қалай өзгереді?


Фото: Ашық дереккөз


Елімізде «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енді. Енді биыл бірқатар төлем мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Ult.kz.


Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі есептік көрсеткіштердің мөлшері белгіленді.

Атап айтқанда:


ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).


Заңда жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат 10 пайызға арттыруды ескере отырып қарастырылғаны көрсетілген.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын жарналар мөлшері есептеу объектісінің 2 пайызы деңгейінде белгіленді.