24 ақп, 2023 сағат 11:24

БҚО-да тікұшақ апаты: қаза тапқандардың отбасы қандай өтемақы алатыны айтылды

Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта қаза тапқан Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің отбасыларына "Қазавиақұтқару" АҚ компаниясының қандай өтемақы төлейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, "Қазавиақұтқару" АҚ қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді өз мойнына алады.

""Қазавиақұтқару" АҚ қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді өз мойнына алып отыр, жерлеу қызметтерінің барлық шығындарын да төлейді. Сондай-ақ, қаза болған қызметкерлердің отбасыларына балалары кәмелетке толғанға дейін осыған дейін алып жүрген жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленетін болады. Ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті төлемдер төленеді", - деді ол.