Фото: uralskweek.kz
7 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйдің еден астынан 16 жылан шыққан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Ult.kz хабарлады.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін үй иесі еденнің астынан 16 жыланды өз күшімен ұстап алған.
Аталған үйде барлығы алты адам тұрады, олардың төртеуі – балалар.
Дегенмен үй иесі еденді толық ашып, тексеруге рұқсат бермеген.
Жергілікті атқарушы органдар отбасы мүшелеріне уақытша тұратын баспана ұсынып отыр.
