24 қар, 2025 сағат 16:09

«Богатырь Көмір» разрезінде электрдәнекерлеуші қаза тапты


Фото: samruk-energy.kz

«Богатырь Көмір» ЖШС разрезінде ауыр қайғылы оқиға орын алып, адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz Екібастұз қаласының пабликтеріне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, себеп – наряд бойынша жұмыс орындап жатқан 1994 жылы туған электрслесарь жұмыс істеген нысанға кернеудің мерзімінен бұрын берілуі.

Жас қызметкер Александр туған күнінен үш күн бұрын қаза тапты.

Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз!

Марқұммен қоштасу рәсімін жақын-жуықтары 25 қараша күні өткізбек.