Фото: Ашық дереккөз
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісіне қатысты тың мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бас прокуратураның хабарлауынша, Боқаевқа ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ аса ірі көлемде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру фактілері бойынша айып тағылған. Қазіргі таңда ол екі айға қамауға алынған.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Сенаттағы брифингте алаяқтық әрекеттердің қай кезеңде орын алғанын нақтылады.
Оның сөзінше, күмәнді әрекеттер Боқаевтың ұлттық компанияда қызмет атқарған кезінде болған.
Айта кетейік, Санжар Боқаев 2015–2018 жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Кейін, 2021 жылы компания атауы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы болып өзгертілді.
