Фото: видеодан алынған кадр
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда қызу талқыланып жүрген уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz.
ҚМДБ-ның хабарлауынша, Құрбанәлі Ахмет діни басқарманың құрылымында қызмет атқармайды және мекемемен ешқандай ресми байланысы жоқ.
Сондықтан оның айтқан пікірлері мен жеке көзқарастары ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып саналмайды.
"Дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Қоғамда түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік", – делінген басқарма таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұл мәлімдеме 2026 жылғы 1 сәуірде ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланған.
