02 сәу, 2026 сағат 12:46

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты


Фото\instagram.com/erasyl_bolat_


Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ult.kz.


Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) ресми түрде растады. Ведомствоның мәліметінше, сотталушы сот белгілеген жазаны толық өтеген.


Еске салайық, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. 2023 жылдың 11 ақпанына қараған түні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің автотұрағында әскери қызметкер белгілі адвокатқа күш көрсеткен.

Оқиға туралы алғаш болып адвокат Олег Черновтың жұбайы Анна Дмитриевич әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, олар таксиге отыра берген сәтте белгісіз ер адам көмек сұрап жүгіріп келген. Кейін белгілі болғандай, адвокатқа шабуыл жасаған адам — Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат.


Бұл деректі депутаттың өзі де растаған еді. Ол қоғамнан кешірім сұрап, жағдайға қатысты пікір білдірген.

Алғашында сот Нұрасыл Болатты кінәлі деп танып, 1,7 млн теңге айыппұл салған. Алайда 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі қайта қарап, үкімді өзгертті. Нәтижесінде оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жәбірленушіге төленетін өтемақы көлемі ұлғайтылды.