18 қаз, 2023 сағат 12:46

Боранбаев Алматыдағы сауда орталығы мен фитнес-клубтар желісін қайтарды

Фото: PROSPORT.KZ

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр. Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарланып отыр" - делінген хабарламада.

Бұған дейін кәсіпкер табиғи газ импорты кезінде қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу кезінде 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық залалды өтеген болатын.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев - Қазақстанда McDonald's франшизасын иеленген, сондай-ақ жылжымайтын мүлік, мұнай-газ секторында активтері бар ірі қазақстандық кәсіпкер. Ресейлік "Спутник V" коронавирусына қарсы вакцина өндірілген Қарағанды фармацевтикалық кешенінің акционері болып табылады.