12 қыр, 2025 сағат 16:34

Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды

Фото: ашық дереккөз

Бразилияның Жоғарғы соты бұрынғы президент Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынғаны үшін кінәлі деп танып, 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Болсонару 2022 жылғы президент сайлауында жеңілгеннен кейін билікте қалу үшін қылмыстық ұйым құрып, демократиялық құрылымды күшпен жоюға әрекеттенген. Сонымен қатар оған мемлекеттік мүлікті бүлдіру және зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастырды деген айыптар тағылды.

Бұл – Бразилия тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай: елдің экс-президенті демократияға қарсы қылмыстық әрекеттері үшін ұзақ мерзімге сотталды.

Үкімге дейін үйқамақта болған Болсонару шешімге апелляция беруді жоспарлап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл үкім Бразилиядағы демократияның беріктігін көрсетсе, саяси алаңда жаңа шиеленістерге де жол ашуы мүмкін.