Фото: Olgasam009.livejournal.com
12 қарашада Қазақстанның кей өңірлерінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ және боран күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, қар, көктайғақ және төменгі боран күтіледі, күндіз жауын-шашын солтүстікте, шығыста және орталықта сақталады. Жезқазғанда қар мен көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Қарағанды облысында түнде және күндіз жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін. Қарағандыда екпінді жел 20 м/с.
Ақмола облысында түнде және күндіз қар мен көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Астанада түнде және таңертең көктайғақ, жел екпіні 20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста қар мен көктайғақ болжанып, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі.
Өскеменде күндіз көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с.
Абай облысында түнде солтүстік-батыста жауын-шашын мен көктайғақ болжанып, күндіз олар бүкіл облыста сақталады.
Семейде күндіз көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с.
Алматы облысында жел екпіні 20 м/с, Қонаевта жел екпіні 18 м/с.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман болады деп күтілуде.
