Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның бірқатар облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ult.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство бүгін:
- - Түркістан облысында +46°C дейін
- - Қызылорда облысында +45°C дейін
- - Атырау мен Маңғыстау облыстарында +44°C дейін ыстық болатынын ескертті.
Сондай-ақ БҚО, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және басқа облыстарда +42°C дейінгі ыстық күтіледі.
Ал Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және басқа өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел болады деп болжанды.
