03 қыр, 2025 сағат 12:05

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты


Фото: Ашық дереккөз


2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Бұл ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. 


Комитет мәліметінше, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген.


"Сот шешімі негізінде оған амнистия актісі қолданылды, соған байланысты ол босатылды. Қосымша хабарлаймыз, сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жатады", – деді ҚАЖК өкілдері.


Сондай-ақ Ертаевты әрі қарай бақылау және қадағалау үшін пробация қызметі есебіне қойылғаны айтылды.