Фото: kursiv.media
Бюджет тапшылығын 98,4%-ға жабу қарыз алу есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытынды жарияланды. Онда «Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» туралы айтылды.
Ақпаратқа сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет тапшылығы 3,7 трлн теңге көлемінде жоспарланып, 3,6 трлн теңге сомасында немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,7% болып қалыптасты. Бюджет тапшылығын 98,4%-ға жабу қарыз алу есебінен жүзеге асырылды. 2025 қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары 1,1 млрд теңгені құрады.
Шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы
Түзетілген бюджетте шығыстар (қарыздарды есептемегенде) 24,1 трлн теңге сомасында көзделген болатын, атқарылу 23,6 трлн теңгені немесе бір жылға арналған жоспардың 97,8%-ын құрады.
Атқарылмау 526,0 млрд теңгені құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің бөлінбеген сомасы 9,5 млрд теңгені, бюджет қаражатын үнемдеу сомасы – 2,7 млрд теңгені, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу сомасы 92,0 млрд теңгені құрады.