18 ақп, 2023 сағат 14:18

"Челсидің" экс-футболшысы Түркияда өлі табылды

Фото: Nigel Roddis/Getty Images

Түркиялық "Хатайспор" командасының ойыншысы, ганалық футболшы Кристиан Атсу жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мурат Узунмехмет айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, Кристиан Атсу өлі табылды", - деді Узунмехмет Twitter-парақшасында. 

31 жастағы Атсу былтырдан бері "Хатайспор" құрамында болған. Сонымен қатар, ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малага" командаларының құрамында ойнаған.