12 там, 2016 сағат 09:34

Данияр Елеусіновтың жеңісі (Видео)

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов алғашқы қарсыласы Джош Келлиді ұтып, ширек финалға жолдама алған болатын. Бұған дейінгі Олимпиадаларда 69 келіде өнер көрсеткен үш боксшымыз Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтер чемпион атанған еді. Сондықтан жанкүйерлер Данияр Елеусіновтен де алтын жүлде күтеді. Бұл салмақтағы мықтылардың бірі ресейлік Андрей Замковой алғашқы айналымда ұтылып қалған, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.