Фото: Gov.kz
Алматы қаласының Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Данияр Әлиев келді, деп хабарлайды Ult.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Ғани Майлыбаев атқарған. Ол 2025 жылдың 3 қазанында Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Данияр Әлиев туралы қысқаша мәлімет
Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «тарих» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Алматы» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолында:
-
ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының және Алматы қаласы тарихы музейінің бөлім меңгерушісі,
-
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары,
-
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.
Алматыдағы кадрлық өзгерістер
Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін қала әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды.
-
7 тамызда Алматы әкімінің орынбасары қызметінен Әсем Нұсупова,
-
14 тамызда Асқар Әмірин кетті.
-
18 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды.
