17 жел, 2024 сағат 16:16

"Дауысын сағынып қалыппын": Мақпал Жүнісова Мұрат Ерғалиевты есіне алды

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм продюсер Мұрат Ерғалиевты есіне алып, жазба бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz.

"Марқұм Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынып қалыппын" деп еске алған өнер иесі Мұрат Ерғалиевтың анасын есіне алды.

"Радиоға жиі баратынмын,туған жер,Анажан,Папажан,”Өнерге қанат қаққандар”деген хабарға да Нұрахмет Жорабаев аға шақыратын,сонда қалтамда ақша жоқ,қарным ашып кеткенде буфетке барып,Мұрат Ерғалиевтің анасына ән айтып беретінмін,анасы пирожкимен шәйға тойдырып жіберетін,топырақтары торқа болсын,осы “Душа артиста “документальный киноны марқұм Мұрат Ерғалиев 1992-мен1995 аралығында түсірген еді", -дейді Мақпал Жүнісова.


Мұрат Ерғалиев елімізде танымал болған "Азия дауысы" фестивалі мен "Жас қанат" байқауының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болған.  Ол 2020жылы 18 шілде 63 жасқа қараған шағында дүние салды.