18 там, 2023 сағат 14:30

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pexels.com

Синоптиктер 19-21 тамыз күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, елімізде ауа райы алдағы үш тәулік бойы тұрақсыз болады. Найзағай соғып, жаңбыр жауады. 

"Солтүстікте қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіліп отыр. Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде, еліміздің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді" - делінген хабарламада.