21 ақп, 2024 сағат 16:00

Алматы мәслихатының депутаты сессия кезінде боқтап жіберді

Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов баяндама оқып жатыр, боғауыз сөз айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында эколог Тимур Елеусізов баяндама оқып жатып, қиын сын есімді бірден оқи алмай, аузынан боғауыз сөз шығып кетті. 

"Алматы жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпидемиялық жағдайды сипаттайтын органикалық өңір саналады, мұнда жануарларға противопиз... жүргізеді", – деді “эпизотиялыққа қарсы” (противоэпизоотический) деп айтудың орнына. 


Кейін Тимур Елеусізов әлеуметтік желідегі өз парақшасында балағат сөзі үшін кешірім сұрады.

"Мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында мен әдепсіз сөз айттым. Айтқан сөзім біреуді ренжітсе, шын жүректен кешірім сұраймын! Қоғамдық тәртіпті бұзғаным үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Дегенмен елімізде бұданда шешімі таппаған мәселелер бар екенін естен шығармасақ", – дейді депутат.