06 нау, 2023 сағат 14:28

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

видеодан алынған кадр

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

"6 наурызда сот шешімі бойынша, соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қару-жарақты заңсыз сақтады деп айыпталып отыр. Бас прокуратураның ақпаратынша, ол қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-дағы куратордың үйлестіруімен әрекет еткен.