04 жел, 2023 сағат 10:03

Димаш Құдайбергенге "Karić brothers award" сыйлығы табысталды

Фото: әншінің Instagram-дағы парақшасынан

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Karić brothers award" сыйлығын иеленді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс.

Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады", - деп жазды Димаш.

Әншінің айтуынша, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаты болған Ж.Альферов, П.Хандке сынды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамға табысталған.