Фото: ашық дереккөз
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац Х-те жарияланған бірлескен мәлімдемеде Дохада ХАМАС басшылығына соққы жасалғанын растады, деп хабарлайды Ult.kz.
Израиль билігінің айтуынша, операция алдындағы күні Иерусалимде бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкелген терактке жауап ретінде жүзеге асырылды.
Мәлімдемеде атап өтілгендей, теракттен кейін бірден Нетаньяху қауіпсіздік құрылымдарына ХАМАС жетекшілерін жоюға дайындалуды тапсырған. Бұл шешім қауіпсіздік басшылығымен кеңесуден кейін және қорғаныс министрінің толық қолдауымен қабылданған.
"Бұл әрекеттер толықтай негізді. ХАМАС басшылығы 7 қазандағы қырғынға және жалғасып жатқан террорлық актілерге, соның ішінде кеше Иерусалимде болған шабуылға тікелей жауапты", – делінген мәлімдемеде.
