24 шіл, 2025 сағат 15:52

Доллар айырбастау орындарында 543 теңгеге жетті

Фото: Pexels.com

24 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Астанадағы кейбір айырбастау пунктерінде долларды 543 теңгеден сатып жатыр. Сатып алу бағамы - 536 теңге, деп хабарлайды Ult.kz.

 Бұл - қатарынан екінші күн қатарынан байқалып отырған өсім.

▪️ 22 шілде күнгі KASE саудасында доллар - 532,43 теңге;

▪️ Ұлттық банктің 23 шілдеге белгілеген бағамы - 531,96 теңге;

▪️ Алайда 23 шілде күні таңертең биржада курс күрт өсіп, 539,1 теңгеге жетті;

▪️ Сауда қорытындысы бойынша - 538,64 теңге болып бекіді.