13 мам, 2025 сағат 18:26

Доллар бағамы 510 теңгеге дейін төмендеді

Фото: ашық дереккөз

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,33 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Ult.kz.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 510 теңге. Еуро 566 - 572 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны – 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 - 6,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,33 теңге. Еуро – 569,17.