31 шіл, 2025 сағат 15:33

Доллар бағамы 550 теңгеден асса, Ұлттық банк нарыққа доллар құйып, интервенция жүргізетінін жариялады

Фото: Pexels.com

Ай басынан бері теңге 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға әлсіреген, деп хабарлайды Ult.kz.

Валюта интервенциясы —  шетелдік валютаны көп көлемде сатып, оның ішкі нарықтағы құнын түсіріп, теңгенің құнының өсуіне ықпал ету.

"Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді. Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын", – деп хабарлайды Ұлттық банк.


Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 31 шілдедегі валюта бағамы:

  • 1 АҚШ доллары – 546,36 теңге

  • 1 Ресей рублі – 6,70 теңге