07 қар, 2025 сағат 16:18

Дрон анықтаған заңсыз карьер: Түркістан облысында ауыл әкімі қызметінен кетуі мүмкін


Фото:  wifi.kz


Түркістан облысында дрон арқылы жүргізілген тексеріс нәтижесінде жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі әшкереленді. Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы рұқсатсыз өндірілгені анықталды, деп хабарлайды Ult.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Бақылау шаралары барысында Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округі аумағында заңсыз карьер жұмысы жүргізілгені белгілі болды.


«Тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімін қызметінен босатуға ұсыныс жасалды. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мен жергілікті полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген прокуратура хабарламасында.


Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды.