15 қаз, 2025 сағат 16:17

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.


Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы ақпан айынан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.