23 жел, 2022 сағат 00:50

Елена Рыбакина Дубайда екінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық бәсекесінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталы.

Елена Рыбакина германиялық Александр Зверевпен бірге аралас сында канадалық Феликс Оже-Альяссим – үндістандық Саня Мирзамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-германиялық жұп 7:5, 3:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында олар 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

«Қаршығалар» тобында өнер көрсетіп жатқан Е.Рыбакина 23 желтоқсанда әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен ойнайды.

Елена бастапқы кездесуінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтқан еді.