SOCCA шағын футболы бойынша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты – құрлықтағы басты додаға дайындалып жатыр. Турнир 20–24 мамыр аралығында Албанияның астанасы Тирана қаласында өтеді. Байрақты бәсекеге құрлықтың ең мықты 28 құрамасы қатысады, ал Қазақстанға Еуропаның жетекші командаларымен күш сынасуға тура келеді.
Ресми жеребе қорытындысы бойынша, AFC Allur базасында жасақталған Қазақстан құрамасы G тобына түсті. Бұл топта отандастарымыз Португалия, Латвия және Украина құрамаларына қарсы ойнайды. Топтық кезеңнің өзінде-ақ команданы жоғары деңгейдегі қарсыластармен тартысты әрі принципті кездесулер күтіп тұр.