16 қаз, 2023 сағат 12:29

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алдағы күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, сондай-ақ, жел күшейеді. Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райы ашық болады деп күтіліп отыр.

18-19 қазанда елдің солтүстігінде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

"Түнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 0-10 градус жылыны, солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градус аязды көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп 10-18 градустан 5-15 градусқа дейін төмендейді, тек елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында термометр бағандары біртіндеп көтеріледі: шығыста 5-15 градустан 10-18 градус жылыға дейін, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-22 градустан 15-25 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.