02 қыр, 2025 сағат 17:40

Елімізде әуе компаниялары мен әуежайларға жауапкершілік күшейтіледі


Almaty.tv


Елімізде әуе компаниялары мен әуежайларға жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Парламенттің төртінші сессиясында мәжілісмен Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды Ult.kz.


Сөзінше, депутаттар тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға арнайы нормалар дайындаған. Құжатқа сапалы жұмыс істеу туралы қағидалар мен механизмдер енгізілген. Сондай-ақ тұтынушылардың құқығын бұзған компанияның айыппұл арқалайтыны да жазылған.


 «Айыппұл қарастырылмаған, алып тастаған. Соның бәрін қайтардық. Аэропорт немесе әуежай компаниялар сапалы қызмет көрсетпесе, нормаларды қатайту немесе заңмен бекіту жөнінде ұсыныстар бердік», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.