14 сәу, 2026 сағат 16:18

Елімізде ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкі

Фото: gov.kz

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылып жатыр. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Вице-министрдің айтуынша, бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған.

Оның сөзінше, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызына тең болуы тиіс. Осы есепке сәйкес, елдегі мақсатты деңгей — 150 мың теңге.

Алайда нақты мерзім әзірге белгісіз. Бұл шешім республикалық бюджеттің кірісіне және экономикалық жағдайға байланысты қабылданады.

«Егер биылғы түсімдер тұрақты болса, мұндай өсімді жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндік пайда болады», – деді Әмрин.