Фото: ашық дереккөз
Қызылордадағы Ұлттық құрылтай алаңында ғылым мен білім саласын дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сонымен қатар «Қазақстан балалары» бағдарламасы әзірленіп жатыр. Енді елдегі 56 жоғары оқу орнында оқитын жас педагогтар инклюзия әдіс-тәсілін меңгеріп шығады.
Жиында жасанды интеллект бағыты да кеңінен сөз болды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл жасанды интеллект пен цифрлық даму жылы болып жарияланып, Жасанды интеллект университетін құру мәселесі қарастырылып жатыр.
