Фото: ҚТЖ
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Гибридті күштік қондырғысы бар ТМД кеңістігіндегі алғашқы маневрлік тепловоздар Алматы депосына жеткізілді.
Экологиялық таза көлік платформасы негізінде жасалған тепловоз Орталық Азияның қатал климатына төзімді. Гибридті күштік қондырғысы цифрлық технологиямен және қуат тұтынуды басқарудың интеллектуалды жүйесінде жұмыс істейді.
Жаңа локомативтің дәстүрлі тепловоздардан артықшылығы:
- - Отын шығынын 45 пайызға азайтады;
- - Шу дейгейі 80 пайызға төмендетілген;
- - Ластаушы заттарды бөлуі 83 пайызға дейін қысқарған.