23 ақп, 2023 сағат 18:26

Елші Қазақстандағы түрік компанияларының құрылыс сапасына тоқталды

Фото: turk.estate

Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи БАҚ өкілдеріне арналған брифингте еліміздегі түркиялық құрылыс компаниялары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

"Түркияның мердігер компаниялары құрылыс саласында көшбасшы орынға ие. Шетелде ірі деген түркиялық компаниялар жұмыс істейді. Олар сол елдің тәртібі мен нормаларына сай жұмыс істейді. Жергілікті органдар түрік компанияларының жұмысын тексереді. Сондықтан мердігер компаниялар сапасыз жұмыс істеп жатыр деп айтуға болмайды", - деді ол.

Елшінің айтуынша, салынған үйлердің құрылысына шағын немесе орта компаниялар жауап береді.

"Ал шетелде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан компаниялар ірі болып саналады. Әрине, зілзаланың салдары тексеріледі, зерттеледі. Бірақ Қазақстанда ірі, өздерін жақсы қырынан көрсеткен компаниялар жұмыс істеп жатыр", - деді ол.