27 сәу, 2025 сағат 12:09

Эммануэль Макрон: Украина оқ атуды сөзсіз тоқтатуға дайын


Фото: REUTERS/Christian Hartmann/Pool

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский Ватикандағы Рим Папасының жерлеу рәсімінде кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Макронның айтуынша, Зеленский атысты сөзсіз тоқтатуға дайын екенін білдірген және бұл бағытта америкалықтармен әрі еуропалықтармен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. 

"Украинадағы соғысты тоқтату – біз президент Трамппен бірге көздейтін ортақ мақсат. Украина оқ атуды сөзсіз тоқтатуға дайын. Президент Зеленский бүгін маған мұны растады. Ол бұл үшін америкалықтармен және еуропалықтармен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті, – дейді Макрон.


Макрон Ресей президенті Владимир Путиннің бейбітшілікке шынайы ұмтылысын дәлелдеуі керектігін де атап өтті. Сондай-ақ ол Парижде құрылған "Ерік коалициясы" арқылы бейбітшілік орнатуға күш салатынын жеткізді.

Айта кетейік, мұның алдында Владимир Зеленский мен Дональд Трамп Римде кездесу өткізгенін жазғанбыз.