Фото: ашық дереккөз
Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы ұсталмайды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған дейін зейнетақыға 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынған. Ресми мәліметке сәйкес, бұрын төленген салық сомалары кері қайтарылмайды.
Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін 882 айлық есептік көрсеткішке дейін салықтық шегерім жасау құқығы сақталады. Ал Қазақстан резиденті болып табылмайтын тұлғалар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуді жалғастырады.
