Фото: ҚР ЭМ
Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдардың тарифтік өтінімдерін қарау процесін жеңілдететін жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Жүйе пилоттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді компаниялар тарифке қатысты өтінімдерін қағазсыз, электрондық форматта жолдай алады. Құжаттарға электрондық қолтаңба қойылып, өтінім беруден бастап соңғы шешім қабылдауға дейінгі барлық кезең онлайн жүргізіледі. Шекті тариф 7 жыл мерзімге бекітіледі.
Министрліктің хабарлауынша, бұл сервис құжат айналымын азайтып, шешім қабылдау процесін жеделдетуге және ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді. Болашақта жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі.
Жоба EnergyTech платформасының бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.
