16 сәу, 2026 сағат 12:08

Ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер Қостанайдағы төбелес кезінде көзге түсті


Фото: EGOV.PRESS telegram/ скриншот

Бұған дейін ерекше балалардың ата-аналарын өз жарияланымдарында қорлаған блогер Гүлнәр Оразалинаның қатысуымен Қостанай қаласында төбелес болғанын әлеуметтік желіде жазып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

EGOV.PRESS telegram арнасының жазуынша блогердің Қостанайдағы төбелесі туралы оқырмандар хабарлаған.

"Оқырмандар бұрын ерекше балалардың ата-аналарын көпшілік алдында қорлаған блогер Гүлнәр Оразалинаның қатысуымен Қостанайда төбелес болғанын жазып жатыр. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғау қажет", - деп жазады арна. 


Еске салайық, Instagram желісінде Gulnara.blogger никімен танымал блогер Гүлнәр Оразалина бейне жазбаларының бірінде Қазақстанда не себепті ауру балалар дүниеге келетінін түсіндіруге тырысқан.

Блогер себептердің бірі ретінде баланың ата-анасының ретсіз жыныстық қатынасқа түсуін атаған. Ал Қазнеттегі наразылықтан кейін блогер өз көзқарасын түсіндіретін бірнеше видео жариялады. Айта кетейік, оның сөздерін көптеген танымал тұлғалар, соның ішінде әнші Дильназ Ахмадиева және басқа да инфлюенсерлер сынға алды.

Хабарламада блогер кінәсін ішінара мойындаған, бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын алға тартқаны айтылған. 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау жазасы қолданылмайтыны ескерілген.

Астана соты Гүлнәр Оразалинаға 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.