Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі махаббатпен үйленгендерін айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 59,9%-ы отбасы құрудың негізгі себебі ретінде осы факторды атаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Зерттеу деректеріне сай, өзге себептердің қатарында көзқарастар мен қызығушылықтардың ортақтығы (17%), баланың дүниеге келуі (10,7%) және ата-анадан тәуелсіз болу (5,5%) көрсетілген.
Сонымен қатар респонденттердің 44,9%-ы отбасы ұғымын ең алдымен бақыт пен махаббатпен байланыстырады. Ал неке көбіне қарым-қатынасты ресми рәсімдеу ретінде қабылданады.
Зерттеу «Қазақстан отбасылары – 2024» ұлттық баяндамасы аясында 3000 адам арасында жүргізілген.
