20 нау, 2026 сағат 15:45

Ерлан Қарин: Жаңадан 5 конституциялық заң және 60 шақты кодекс пен заңды қабылдау қажет

Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Ата Заңды қабылдау – алғашқы кезең ғана. Мемлекет басшысы айтқандай, алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Алғашқы кезеңнің өзінде жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды қабылдау қажет. Одан кейін Құрылтай және Қазақстан Халық Кеңесі секілді жаңа институттарды қалыптастыру міндеті тұр.  Үшінші, ең басты міндет – жаңа конституциялық қағидаттар мен құндылықтарды қоғамдық санада орнықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші.


Ата Заңның қабылдануымен конституциялық, институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас мағыналық негізі қалыптасатынын атап өтті.