
Павлодардың «Ertis» футбол клубы әлеуметтік желіде жарияланған қауесетке қатысты жауап берді. Онда футбол клубы сотта жеңіліп, енді екі миллион еуро төлеуге міндеттелгені көрсетілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Ertis» футбол клубының сайтына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желіде аталмыш мәлімет 22 желтоқсанда жарияланды. Онда футбол клубының сотта жеңіліп, екі миллион еуро төлеуге міндеттелгені және клубтың есеп-шотын жүргізуге тыйым салынғаны айтылған. Ол қауесетті жоққа шығарамыз. «Ertis» клубының ешкімнің алдына берешегі жоқ. Клубтың есеп-шотына ешқандай тыйым салынған жоқ. Журналистерден ақпараттың нақты болуы үшін деректі тексеріп алуды сұраймыз. Жанкүйерлерден ресми дерек көзіне сенім білдіруді өтінеміз», - деп жазылған клубтың ресми ақпаратында.
