04 қаз, 2023 сағат 13:33

Ешкім олардың қолынан ұстап алған жоқ – Жамаубаев шетелден ақша алғандардың тізімі жайлы

Фото: primeminister.kz

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік көздерден қаражат алып келген қазақстандықтардың тізіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жерде ешкім олардың (тізімге енген азаматтар – автор түсіндірмесі) қолынан ұстап алған жоқ. Есеп беру керек екенін білесіздер. Егер қандай да бір компания немесе тұлға шетелдік көздерден қаржы алып, есеп ұсынбаған болса бізге айтыңыздар», - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Ол атап өткендей, бұл тізімді жасау - заң талабы. Сондықтан Қаржы министрінің сөзінше, аталған тізімді қалыптастыру ешбір адамның немесе кәсіпорынның заңды құқығына қайшы емес.