
Испания, Португалия және Францияда болған дауыл салдарынан қаза тапқандар саны жексенбі күні 9-ға жетті, деп хабарлайды, "Ұлт ақпарат" Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.
«Эльза» және «Фабьeн» дауылдары ағаштарды тамырымен жұлып, теміржол және әуе қатынасына кедергі келтірді, электр желілерін зақымдап, аймақтағы 118 мың үйді жарықсыз қалдырды.
Қазіргі уақытта Португалияда екі адам, Испанияда жеті адам мерт болды.
Испанияда қаза тапқан адамдардың ішінде Оңтүстік Корея азаматы бар, оған Мадридте ғимараттан жұлынып түскен сынықтар құлаған. Сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі жағалауда виндсерфингпен айналысып жүрген Нидерланды азаматы суға батып кеткен.
Испаниядағы апаттың соңғы құрбаны Каталониялық балықшы болды. Теңіз толқыны оны жардан ағызып әкеткен.
Сәрсенбі күні бұл елдерде «Эльза» дауылы тұрып, сенбі күні оны «Фабьен» дауылы алмастырды.
