19 там, 2016 сағат 01:55

Финалдық белдесу. Манюрова-Уибе (Видео)

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында еркін күрестен 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Гүзел Манюрова финалда канадалық Эрика Уибемен белдесті.

Финалда кандалық балуан жерлесімізге еш мүмкіндік бермеді. Дегенмен 38 жастағы балуан үшін күміс жүлде де оңай олжа емес деп білеміз.

Манюрова Рио татамиінде алдымен Венгрия балуаны Жанетт Неметті, одан кейін ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңген болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинадан 1:8 есебімен ұтылып жатып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып алған еді.

Ұлт порталы