06 қаң, 2020 сағат 11:55

Финляндияның премьер-министрі жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды

Финляндияның премьер-министрі Санна Марин жұмыс аптасын 4 күн, ал жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Huffington Post басылымы.

«Адамдар отбасымен және жақындарымен көбірек уақыт өткізуі керек. Жұмыс аптасын төрт күн, жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқартып, халықтың еңбекақысын өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын», - деді Санна Марин.

34 жастағы премьер-министрдің ұсынысын халық ықыласпен қабылдады. Бұл ұсынысты жиын барысында Финляндияның білім министрі Ли Андерссонн да қолдады.

Айта кету керек, қазіргі таңда Финляндияда жұмыс күні 8 сағатты қамтиды. Ал көршілес Швециядағы Гетеборг қаласында 2015 жылы 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген болатын.